Бүгінгі
таңда мемлекеттік қызметтердің сапасы мемлекеттік органдардың
жұмысын бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады . Сапалы мемлекеттік қызмет
көрсету және олардың қолжетімділігін арттыру , он ың ішінде жаңа технологиялар
мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану негізінде , қызмет көрсетудің
бизнес процестерін жетілдіру елдің мемлекеттік басқару саласын дамытудың
басымдығы , сондай ақ әлеуметтік экономикалық дамудың стратегиялық
мақсаттарына қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі болып табылады
Әкімшілік
, сыбайлас жемқорлық және өзге де кедергілерге байланысты
тәуекелдерді азайту , клиентке бағдарланған тәсілді енгізу мақсатында мемлекеттік
қызмет көрсетуді автоматтандыру процесін аяқтау бой ынша жұмыс жүргізілуде . ҚР
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
аясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша әлеуметтік
зерттеулер жүргізуге бастамашылық жасайды . Бұл ретте мониторинг ілеуг е
жататын қыз меттер неғұрлым жаппай , проблемалық бюрократияланған , сыбайлас
жемқорлыққа ұшыраған , мерзімдері бұзылған , шағымдары көп және т б .) және
әлеуметтік маңызы бар қызметтер ретінде айқындалды
Азаматтардың
мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін
ба ғалауы азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін айқындайтын , халықтың
күтуін ( қалыптастыратын , елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді қолдауды
көрсететін маңызды фактор болып табылады . Осыған байланысты азаматтардың
мемлекеттік қызметтердің қолж етімділігі мен сапасына қанағаттануын анықтаудың
әлеуметтанулық әдістері шет елдердің тәжірибесінде де , Қазақстан
Республикасында да кеңінен қолданылады . Бұл тәсіл мемлекеттік басқару
органдары қызметінің тиімділігін бағалауға , мемлекеттік қызметтер көрсет у
саласында инновацияларды енгізу мониторингін жүргізуге , сондай ақ одан әрі
дамыту басымдықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді
Қоғамдық
мониторинг барысында көрсетілетін қызметті алушылардың
көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрс ету сапасына ,
қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейі , сондай ақ мемлекеттік
қызметтер көрсету кезінде туындайтын жүйелі проблемалық мәселелер
айқындалады
Әлеуметтік
зерттеу 2024 жылдың мамыр қараша айлары аралығында
жүргізілді . Зерттеу қызм ет тұтынушыларының жаппай сауалнамасынан ,
тұтынушылармен және қызмет жеткізушілерімен тереңдетілген сұхбаттан , « Құпия
сатып алушы » әдісімен бақылаудан және фокус топтардағы пікірталастардан
тұрды
2024 жылы қоғамдық мониторингке
орталық мемлекеттік органда р мен
жергілікті атқарушы органдар көрсететін 70 мемлекеттік қызмет енгізілді .
Мемлекеттік қызметтерді таңдаудың негізгі өлшемд ері оның бұқаралық сипаты ,
сұранысқа ие болуы , проблемалық, әлеуметтік маңыздыл ығы болды .
Сондай
ақ 36 4 қызмет бойынша онлайн мониторингке талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері интеграцияланған көрсеткіштерді де, қоғамдық мониторинг
және онлайн мониторинг барысында жеке анықталған бағалауларды да қамтиды .
Есепте зерттеу барысында анықталған проблемалары бар мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің негізгі нәтижелері,
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі қорытындылар мен
ұсынымдар қамтылған