Ақмола облысының ББ "Есіл ауданы, Есіл қ., №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті„ мемлекеттік мекемесі"
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 3 г.Есиль, Есильский район" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік
бейімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидасына
1-қосымша

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары

2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізу арналары)

1)- психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары;
2)- "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz;

3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) Қызмет көрсету мерзімі – 90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін;
2) Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 ( он бес) минуттан аспайды;
3) Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
Қағаз түрінде

5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.

6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Телефон және/немесе көрсетілетін қызметті алушының тікелей жүгінуі арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8  Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік
бейімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
2-қосымша

__________________________________

Білім беру ұйымының атауы

Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама

      Құрметті ______________________Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.

      Тегі Аты Әкесінің аты

      Сізге психологиялық-педагогикалық қолдау курсын алу үшін балаңызбен мына

      мекенжай бойынша келу қажеттілігі туралы еске саламыз: _______________________

                                                      ППТК, ОО ұйымдары мекенжайы

      Орынд.: _______________________________ Тел.: Күні:

      Тегі Аты Әкесінің аты

"Дамуында проблемалары бар
балалар мен жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік
бейімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
3-қосымша

Нысан (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда) не
ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

      __________________________________________________________________

      Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы

      ТАӘ:

      ЖСН:

      Мекенжай:

Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (Көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)

      ____________________________________________________________________

      бас тарту себебі

      байланысты мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету (Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы) үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.

      Орынд.: Тегі, аты, әкесінің аты

      Тел.:

      Күні:

"Дамуында проблемалары бар
балалар мен жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік
бейімдеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидасына
4-қосымша

Нысан

АНЫҚТАМА

      20 __ ж. "__" _____ туылған __________________________________________,

                                    (баланың Т.А.Ә.(болған жағдайда)

      ___________________________________________________________________

                                    (ОО, ППТК атауы)

      "__" ____ 20 __ жылдан бастап "__" ______ 20 __ жылға дейін шын мәнінде қатысқаны

      туралы беріледі.

      __________________________.

      (қызметті көрсету күні)

      Қорытынды _________________________________________

      Білім беру ұйымы басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      М.О.

 

 

Жаңартылған күні: 25.03.2022 11:29
Құрылған күні: 25.03.2022 11:29

Текст