Текст
Жылдық жоспарға сәйкес Есіл қаласындағы №3 КППК-де 2025 жылғы 22 мамырда логопед Калакова А.К. «Артикуляциялық және ұсақ моторика» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Тақырыбы: Артикуляциялық және майда моторика
Мақсаты:
- Сөйлеуді қалыптастырудың негізі ретінде артикуляциялық аппарат пен майда моториканы дамыту.
Міндеттері:
- Артикуляциялық жаттығулар арқылы еріннің, тілдің, бет бұлшық еттерінің қозғалысын дамыту және қол саусақтарының нақты қимылын, екі қолдың үйлесімділігін қалыптастыру.
- Балалардың сөздік қорын белсендіру, фразалық сөйлеуді дамыту.
- Балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, қатарластарына деген достық қарым-қатынасын тәрбиелеу.