Ақмола облысының ББ "Есіл ауданы, Есіл қ., №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті„ мемлекеттік мекемесі"
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 3 г.Есиль, Есильский район" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2 сәуір-Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

02.04.2024

Аутизм — ми дамуының бұзылуынан туындайтын және әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың айқын және жан-жақты жетіспеушілігімен, сондай-ақ шектеулі мүдделермен және қайталанатын әрекеттермен сипатталатын ауытқу болып табылады. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеттілігі жоғары болады. Математика және музыка салаларында дарынды, тіпті бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Аутизм белгілері үш жасқа дейін байқала бастайды.

Аутизмнің себептері мидағы синаптикалық байланыстардың жетілуіне әсер ететін гендермен тығыз байланысты, дегенмен аурудың генетикасы күрделі және қазіргі уақытта аутизм спектрінің бұзылуының пайда болуына не әсер ететіні белгісіз.Сирек жағдайларда аурудың туа біткен ақауларды тудыратын заттардың әсерімен байланысы анықталады. АҚШ мәліметтері бойынша 2011-2012 жылдары аутизм және аутизм спектрінің бұзылуы мектеп оқушыларының 2% - да ресми түрде анықталған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,2% - ға көп. Аутизм байқалған адамдардың саны 1980 жылдардан бастап күрт өсті, бұл ішінара диагностикалық тәсілдердің өзгеруіне байланысты. Ауытқудың нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз.

 

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст